advertisement

наурызв

50 %
50 %
advertisement
Information about наурызв
Education

Published on October 10, 2014

Author: nurlanabilhanov

Source: slideshare.net

Description

ввввввввввввввввввввввввввыыввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввв
advertisement

1. Сабақтың тақырыбы: «Наурыз-думан» Сабақтың мақсаты: 1) Сахналық қойылым көрсету арқылы «Ұлыстың ұлы күні- Наурыз» туралы,салт –дәстүрлер туралы мағлұмат беру. 2) Танымдық қабілетін дамыту.өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. 3) Ұлттық салт дәстүрді құрметтеуге ,ұлтын сүюге тәрбиелеу. Көрнекілігі: киіз үйдің сұлбасы, ұлттық тағамдар,нақыл сөздер. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі:Мұғалімнің кіріспе сөзі. ІІ. Жүрісі: 1.Көрісу 2.Наурыз көже 3.Ән: «Қазақ дастарханы» 4.Ат қою рәсімі 5.Балаға бата 6.Бесікке баулу 7.Ән: «Әже» 8.Ұлттық есеп шешу. 9.Ұлттық ойын ойлау 10.Би «Қаражорға» 11.Бата. 1. Көрісу. -«Оң болсын,- деп,- ұлысың!» Төс түйісіп көрісер. Көжедегі ырысын Көпшілікпен бөлісер. Төс түйісу дегені- Тату болсын ел іші. Бөліп ішу көжені- Тоқшылықтың белгісі. Ән: «Қазақ дастарханы» Ат қою. -Ата, дүниенің есігін ашқан кішкентай сәбиге ата салты бойынша ат қойыңыз. -Биссимилла-рахмани –рахим Сенің атың,наурызда туылыпсың, балам. Наурызбай болсын есімің.! Наурызбай,Наурызбай,Наурызбай! -Балаға бата беріледі. -Апа, ата салты бойынша сәбидің бесікке салу рәсімін жасап беріңіз.

2. (тыштырма,бесікке салу көрінісі) Әлди-әлди ақ бөпем Ақ бесікке жат бөпем.... -Қазақта қонақ кәде болушы еді,менің той шашуымды қабыл алыңыз. Ән: «Әже» -Қыздар –ау,қыздар, мен ойлануға есеп бергім келіп тұр. (ұлттық мағынадағы есеп) -Қыздар,осы наурызда әз жүреді екен. Халықтың есебінде наурыздың 20-22 аралығында әз кіреді деген ұғым бар.Ол әуеде болар –болмас діріл мен гүрілдің пайда болуы арқылы білінеді. Әздің жүруімен көк,ағаш,тал,бұта сынды тіршілік атаулыға жан бітіп, жаңа өмір басталмақ.Әздің жүруі әдетте байқала бермейді. Оның өткенін өрісте жүрген қой ғана сезеді.Көкке қарап жамырай маңырап тұрып қалған қойларын көрген малшы да арқаны кеңге салып, бел босатар шақтың туғанын біліп қуанады. «Әз болмай , мәз болмайды» деген мақал да содан қалса керек. -Қыздар,жігіттер, ұлттық ойын ойнап жіберейік. ( Ұлттық ойын «Айгөлек») Би. «Қаражорға» Бабалардың батасы. Наурыз тойы салтымыз, Аман болсын халқымыз. Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын! Ниеттерің ақ болсын, Наурыздың қарындай. Бастарыңа бақ қонсын, Шаштарыңның санындай. Тыныш болсын даламыз, Түгел болсын нуымыз. Таза болсын ауамыз, Тұнық болсын суымыз. Қорытынды: Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанат тық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным-ұғымдары ның үлгі түрлері көп. Оның бәрі әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелілікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізеттілік пен білімділікке баулиды. Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыдан болса керек-дей келе бүгінгі «Наурыз –думан» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Add a comment

Related presentations

Related pages

СЦЕНАРИЙ НА ПРАЗДНИК НАУРЫЗ ...

СЦЕНАРИЙ НА ПРАЗДНИК НАУРЫЗ, также сценарий на наурыз средняя группа, СЦЕНАРИИ НА ...
Read more

Список новостей ...

Встречаем праздник Наурыз! 26 Марта 2015 г. Встречаем праздник НаурызВ преддверии ...
Read more